Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Е.Оржанов Теңіз және өзен флоты қызметкерлерінің күнімен құттықтауы


Құрметті әріптестер, достар, серіктестер! 

Сіздерді, «Қазақтеңізкөлікфлоты» жағалау персоналы мен ардагерлерін шын жүректен Теңіз және өзен флоты қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Бүгінде Теңіз және өзен флоты көлік кешенінің маңызды құрамдас және еліміздің бүкіл экономикасының ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыруда елеулі орнын алуда. Бұл - өзінің және отбасының өмірі мен тағдырын теңізбен байланыстырған, осы бағытта аянбай маңдай терін төккен кәсіби теңізшілер мен теңіз мамандығын игерген адамдардың зор еңбегі арқасында.

Осы бәріміз үшін қуанышты күні ҚР туын көтеріп жүзетін «Қазақтеңізкөлікфлоты» кемелері экипаждарының әрбір мүшесіне отандық флотты дамытуға қосқан үлесі, жоғары кәсіби шеберлігі және мінсіз еңбегі үшін алғысымды білдіремін.

Сіздердің өз алдыңызға белгіленген міндеттерді аса жоғары жауапкершілікпен орындайтыныңызға сенімді бола отырып, отбасыңызға құт-береке, шаңырақтарыңызға шаттық, аманшылық пен ұзақ ғұмыр тілеймін!

Әріптестер, еңбекте танытқан табандылығыңыз бен күш-қайратыңыздың арқасында Отанымыздың теңіз саласын одан әрі дамытуда қол жеткізген табыстарымызды оңынан бекемдеуде талай-талай алынбаған асуларды алатынымызға сенімім мол.

Осы орайда, ҚТКФ барлық серіктестеріне бірлесе атқарған еңбегі, бізге деген сенімі, іскерлік ынтымақтастығы және жұмыла отырып жүзеге асырған қызметі барысында қолжетімді болған жетістіктер үшін ерекше алғысымды білдіремін.

Өршіл әрі батыл бастамалар мен келешек жоспарларды іске асыруда сәттілік пен табыс тілеймін!

Еліміздің ұлттық тасымалдаушысы ретінде теңіз тасымалы нарығында лайықты орнын алған бірден бір озық компаниялардың бірі деп танылған «Қазақтеңізкөлікфлоты» құрылғанына биыл 23 жыл толды. Осы жылдар бойы компания жемісті нәтижелерге ұзақ жылдар бойы қалыптасқан білікті мамандар мен заманауи флотқа, тиімді шараларды іске асыру, серіктестердің сеніміне ие болу арқылы қол жеткізді.

Бірлесе қол жеткізген табыстарымыз мол болғанмен, өз алдымызға белгілеп отырған міндеттер де баршылық. Осы міндеттерді орындауда сарқылмас күш-жігеріміз, еңбектегі бастамаларымыз тиісті жемісін беріп, жаңа бастамаларға ынталандыра түсетініне кәміл сенемін.

ҚТКФ абыройы асқақтай берсін, бағыт-бағдарымыз әрдайым сенімді болғай! 

А. Оржанов,
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС
Бас директоры

Тізімге оралу