ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік:
Біз алға қадам басамыз
Маңғыстау облысы әкімдігінің өтініші бойынша Дағыстан Республикасының ауыл шаруышылығы министрлігі қайырымдылық жүктерін тасымалдауда қолғабыс етті. Қайырымдылық жүктерінің тізімінде медициналық маскалар, антисептиктер, медициналық қорғаныс костюмдері және «Каспер» комбинезондары болды.
ҚТКФ осы шаралардан қалыс қалмай аталмыш жүктерді Махачкаладан Ақтау портына тасымалдауда және кейінгі уақытта облыстық әкімдіктің өкілдеріне табыстауда ақысыз көмек көрсетті. Қайырымдылық жүктерінің тасымалы «ТК Ақтау» танкерімен жүзеге асырылды.