Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ Бас директоры А.Е.Оржанов «Үздік экипаж – 2021» атанған кеме экипажын құттықтады


ҚТКФ компаниясында жыл қорытындылары бойынша үздік экипажды айқындау жыл сайынғы дәстүрге айналды.

2021 жылдың қорытындылары бойынша «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының үздік экипажы ретінде контейнерлерді таситын «Барыс» кемесі атанды.

ҚТКФ Бас директоры Айдар Есенжанұлы Оржанов 2021 жыл бойынша үздік атанған экипажды құттықтап, кеме капитандары Андрей Валерьевич Лебедев пен Иван Викторович Никитинге, кеме теңізшілеріне бірлесе орындаған жұмысы, адал және жемісті еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді.

«Экипаж мүшелерінің тиісті жауапкершілік пен табандылық танытуы, еңбек тәртібін бұлжытпай ұстануы бәріміз үшін сынақ болған жылдары табыстарға молынан қол жеткізуге оң септігін тигізді. Теңізші мамандығын таңдай отырып, Сіз өміріңізді теңізбен ұштастырған жігерлі әрі батыл адамдардың бірісіңдер. Теңізші жұмысы күш-қайрат пен төзімділікті талап ететіні сөзсіз болғандықтан сіздердің табанды әрі ерен еңбегіңіз, теңізге деген құштарлығыңыз біз үшін әрдайым үлгі болмақ. Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, табыс тілеймін! – деп атап өтті құттықтау сөзінде А.Е.Оржанов.  

2021 жылы үздік деп танылған экипажға Грамота және бедел-бейне сыйкәдесі табысталды.

MCV «Барыс» кеме жасауы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС тапсырысы бойынша Румынияның «Vard» зауытында жүзеге асырылды. Кеме «Теңізшевройл» болашақ кеңейту жобасына (бұдан әрі – ТШО БКЖ) қатысу үшін MCV үлгісінде кеме жасауы жүзеге асырылған үш кеменің бірі болып табылады. Кеме тұңғыш рет румындық Браил қаласында 2017 жылғы 12 мамырда су бетіне түсірілді.

Осы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС кемелері 2020 жылы ТШО БКЖ миссиясын жемісті және дер кезінде орындады. ҚТКФ осы жоба бойынша келісім шарттық кезең аяқталысымен алдағы уақытта кемелерді оңтайлы пайдалануға қатысты шешім қабылдады.

Транскасспий халықаралық көлік маршруты (бұдан әрі – ТХКМ) шеңберінде, сондай-ақ MCV «Барыс» кемесін тиімді пайдалану мақсатында Ақтау-Баку-Ақтау маршруты бойынша контейнерлік желінің бір ізге салынуына орай, аталмыш кеме 2021 жылдың бастапқы айында контейнерлерді таситын кеме түріне қайта жабдықталды.

Осылайша, 2021 жылғы 8 наурызда контейнерлерді таситын «Барыс» кемесі Ақтау-Баку-Ақтау маршруты бойынша алғаш рет рейске шықты. Контейнерлерді таситын «Барыс» кемесі Ақтау-Баку-Ақтау маршрутында пайдаланылған мезгілінде 36 айналым рейс (72 кезекті рейс) жасап, жиырма футтық эквивалентке баламалы (ЖФЭ) 11 610 контейнерді тасыды.

Кеменің ұзындығы 113 метр және ені 21 метр. Кеменің сиымдылығы әрбір контейнердің салмағына қарай 165 ЖФЭ құрады.

ТХТМ шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау маршруты бойынша фидерлік желі 2019 жылғы 16 сәуірде іске қосылды және іске қосылған сәтінен бастап барлығы 38 143 ЖФЭ контейнерді тасыды.


Тізімге оралу