Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Қазақтеңізкөлікфлотының «Барыс» көпфункционалды кемесі контейнерлік кеме болып жаңартылды


Өткен жылы Қазақтеңізкөлікфлотының кемелері «Теңізшевройлдың» болашақты кеңейту жобасындағы (бұдан әрі - ТШО БКЖ) өз миссияларын сәтті және уақтылы аяқтаған болатын.

Атаулы жобадағы келісімшарт мерзімі аяқталған соң, ҚТКФ алдағы жылдары кемелерді оңтайлы пайдалану мәселесін қарастырды.

Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша контейнер желісінің жолға қойылуына орай, сондай-ақ «Барыс» көпфункционалды кемесін мақсатты пайдалану үшін кемені контейнерлік кемеге айналдыру туралы шешім қабылданды.

Осы мақсатта техникалық жоба әзірленіп, оның іске асырылуы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инвестициялар комитетінде мақұлданды.

Бүгінгі күні кемені жаңарту жұмыстары аяқталды.

2021 жылы 8 наурызда «Барыс» контейнерлік кемесі Ақтау портынан Ақтау-Баку-Ақтау бағытындағы алғашқы сапарына аттанды. Кеменің ұзындығы 113 метр, ені 21 метр. Кеменің сыйымдылығы әр контейнердің салмағына байланысты 165 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) контейнерін құрайды.

Тізімге оралу