Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Қазақтеңізкөлікфлотында ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жиын өтті


Ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржановтың төрағалығымен ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиын өтті.

Шара барысында қызметкерлерге ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және компанияның қызметі туралы ақпарат жеткізілді.

Қызметкерлердің еңбекақысын индексациялау, біліктілігін арттыру, сыйақы беру, қызметкерлердің еңбек демалысына қоса денсаулығын жақсартуға материалдық көмек көрсету, сырқаттану қағазына орай жәрдемақы төлеу, қызметкерлерді және олардың отбасын медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылық бекітілген ішкі құжаттармен және Жалғыз қатысушы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұсыныстарымен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс пен персоналды басқарудың тиімділігін сақтау мақсатында COVID-19 пандемиясына байланысты карантиндік кезеңде компания қызметкерлерінің барлық әлеуметтік кепілдіктері мен мүдделері қамтамасыз етілді және сақталды.

Қызметкерге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын орнату мақсатында ҚТКФ әр түрлі материалдық көмек көрсетеді, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін жыл сайын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді.

ҚТКФ ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында компанияның Бас директоры жылына екі рет еңбек ұжымымен есептік кездесулер өткізеді. Тоқсан сайын ҚТКФ функционалдық бөлімшелерінің және бизнес бағыттарының басшылары жұмыс процестерін жақынырақ талқылау және туындаған проблемаларды уақтылы жою үшін жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырады.

Еңбек ақы төлеу Ережесіне сәйкес қызметкерлерді материалдық ынталандыру мақсатында ұжымның барлық мүшелеріне мерекелік сыйақылар төленеді.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл компанияда ағылшын тіліне оқыту бойынша корпоративтік курстар ұйымдастырылып, оқу аяқталғаннан кейін білімін растайтын сертификаттар табыс етілді.

ҚТКФ өз қызметінде аймақтағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысады.

Жиын қорытындысы бойынша Бас директор А.Оржанов ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Тізімге оралу