Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Қазақтеңізкөлікфлоты ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады


Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек.

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 76 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,7 миллионнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.

Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ер есімі ел есінде!

ҚТКФ ұжымы, Жастар кеңесі мүшелері де, Алматы мен Ақтау қалаларында тұратын ардагерлерді құттықтап, майдангерлерге құттықтау хаттарын, сондай-ақ азық-түлік кәрзеңкелерін, естелік сыйлықтарды, атаулы көмек пен гүл шоқтарын табыс етті. Соғыс тарихына қатысты әңгімелерін тыңдап, ризашылық баталарын алып қайтты.

Тізімге оралу