Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Қазақтеңізкөлікфлоты мен Біріккен кеме жасау корпорациясы кеме жасау және кеме жөндеу саласында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды


Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов «Біріккен кеме жасау корпорациясы» АҚ Бас директорының азаматтық кеме жасау және нарықтарды дамыту жөніндегі орынбасары Давид Адамиямен кездесті. Сондай-ақ, іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көлік және логистика департаментінің директоры Марат Орманов қатысты.

«Нева 2021» халықаралық көрме шеңберінде өткізілген кездесу барысында Каспий теңізінің суы тайыз аймақтарында пайдалану үшін кемелерді жобалаудың өзгешіліктері кеңінен талқыланды. Бұдан басқа тараптар БКК компаниясының ҚТКФ үшін эскиздік жобаларды әзірлеу мүмкіндігін, сондай-ақ кемелердің кеме жасауын қаржыландыру үшін лизингтік тетіктерді тарту мәселелерін пысықтады.

Басым мәнге ие жобалар ретінде бірлесе жүргізілетін жұмыс үшін Солтүстік Каспий жағдайларында жұмыстарды орындауға арналған көп бейінді мұзжарғышқа, суы тайыз теңіз аймағында және жағалау маңында жұмыстарды жүргізуге арналған баржа-сүйреткіш құрамаларына, сондай-ақ Ақтау қаласының жағалау маңында пайдалану үшін жолаушы-серуен кемелеріне таңдау берілді.

Тараптар жұмысты одан әрі бірлесе жүргізу және ҚТКФ мен БКК арасында болашақта жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық таныту маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар кеме жасау және кеме жөндеу саласында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы шілденің 26-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасы А.С.Айдарбаевтың Астрахань облысының губернаторы И.Ю.Бабушкинмен басқосуы өткен болатын. Осы басқосу барысында шекара іргелес ынтымақтастық, соның ішінде кеме жасау, көліктік-логистикалық және мұнай-газ салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Тізімге оралу