Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Қазақстан және БАӘ бірлескен кәсіпорын құрмақшы


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жұмыс іссапарымен барып қайтуы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Abu Dhabi Ports Group» компаниясы арасында стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасып, тараптар оған қол қойды.

Осы орайда мұнай-газ жобалары үшін теңіз қызметтерін ұсыну, сондай-ақ Каспий теңізі мен Ашық теңіздерде әрқилы жүктерді тасымалдау үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС еншілес ұйымдары мен «International Maritime Investments Ltd» компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізінде бірлескен кәсіпорын құрмақшы.

Тараптар теңіз флотын, Каспий теңізі мен Қара теңізде жағалау инфрақұрылымын өркендетуде өзара ынтымақтастықты дамытуға мүдделік танытты.

«Біздің басты мақсатымыз – жолымызда туындаған барлық кедергілерді жою және Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті біріктіру. Осы орайда мен елімізде теңіз және порттық инфрақұрылымды құру бойынша «Abu Dhabi Ports» компаниясымен өзара ынтымақтастықты дамытуды толықтай қолдаймын» - деді Елбасы.

Тізімге оралу