Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Abu Dhabi Ports компаниясының делегациясы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметімен танысты


2022 жылғы 3 ақпанда Abu Dhabi Ports компаниялар тобының өкілдерінен құрылған делегация жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келіп кетті. Делегацияны Abu Dhabi Ports Maritime ClusterБас директоры - капитан Мактум Мохаммед Джума Саед Альхукани басқарды.

Жұмыс сапары 2021 жылғы қарашада «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі – ҚТКФ) және Abu Dhabi Ports арасында мұнай теңіз операциялары үшін Бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісім шеңберінде жүзеге асырылды.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты ҚТКФ қызметімен және Маңғыстау облысындағы порттық инфрақұрылыммен неғұрлым жақын танысу болды.

Делегация Баутин портындағы «Теңіз Сервис» компаниясының базасына, «KMG Systems & Services», сондай-ақ «Бүркіт», «Сұңқар» кемелеріне, «Талас», «Ембі», «Ырғыз» сүйреткіштеріне барып қайтты.

Ақтау портында делегация «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК басшылығымен кездесіп, порт қызметімен, контейнерлерді таситын «Барыс» кемесінің экипажымен танысты.

ҚТКФ Бас директоры А.Е.Оржанов қонақтарға ҚТКФ қызметі, ұсынылатын қызмет түрлері, 2021 жылғы жұмыс нәтижелері және компанияның алдағы уақытта даму перспективалары туралы айтып кетті.

Тараптар екіжақты қатынастарды дамыту бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа келді.

 

Ақпараттық анықтама:

Abu Dhabi Ports – Біріккен Араб Әмірліктерінің порттық, өнеркәсіптік және логистикалық операторы болып табылады. Abu Dhabi Ports Біріккен Араб Әмірліктері мен Гвинеяда 11 портты және осындағы терминалдарды, сондай-ақ Халифа Абу-Даби өнеркәсіптік аймақта 550 шаршы километрден астам өнеркәсіптік аймақтарды басқарады.

Тізімге оралу