Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды


2021 жылғы 8,9 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ж.Н.Марабаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Д.Ә.Берлібаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Тасымалдау және логистика департаментінің директоры М.К.Орманов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп кетті.

Жұмыс сапарымен Баутин поселкесінде болған ҚМГ басшылығы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі – ҚТКФ) меншіктену құқығымен тиісті «Бүркіт», «Сұңқар» көпбейінді кемелеріне, «Талас», «Ембі», «Ырғыз» сүйреткіштеріне барып қайтты. Кеме экипаждарының мүшелерімен кездесті.

«ТеңізСервис» ЖШС көрініс алаңының аумағында ҚТКФ Бас директоры А.Е.Оржанов Ұлттық теңіз тасымалдаушысы ретінде ҚТКФ қызметі  мен жұмысының нәтижелері, компанияның даму перспективалары туралы баяндама жасады.

 «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттың теңіз тасымалдаушысы болып белгіленді. Ол Каспий теңізі, Ресей Федерациясының ішкі су жолдары арқылы шикі мұнайды және басқадай жүктерді  тасымалдау бойынша қызметтерді, оффшорлық жобалар үшін қолдау көрсетуші кемелер мен авариялық-құтқару кемелерінің қызметтерін, жобалық жүк тасымалы бойынша қызметтерді, кемелердің техникалық менеджменті қызметтерін, кемелердің кеме жасауын қадағалау бойынша қызметтерді ойдағыдай ұсынуда.

ҚТКФ қуатты материалдық базасы оның өз қызметін жүзеге асырған жылдары қалыптасты.

Қазіргі таңда компанияға әртүрлі үлгіде, түрлі мақсаттар үшін көзделген және жалпы салмағы 340 мың тонна 23 кеме, соның ішінде үшеуі Каспий теңізінде, екеуі Қара теңізде ойдағыдай пайдаланылып отырған 5 танкер, мамандандырылған көпбейінді 2 кеме, контейнерлерді таситын 1 кеме және құрғақ жүктерді таситын 4 кеме тиісті. Компанияның теңіз операцияларын қолдау флотын 8 баржа-алаңша және 3 сүйреткіш құрап отыр.

ҚТКФ қауіпсіздікті басқару жүйесі кемелерді қауіпсіз басқару жөніндегі халықаралық кодекс талаптарына сәйкес келеді деп танылды. ҚТКФ 2020 жылы Chevron (JOVA) сертификациясынан өтіп, жоғары балл жинады.

ҚТКФ жыл сайынғы мұнай тасымалдау көлемі  11 млн тоннаға дейін жетті. Мұнай тасымалы Афрамакс үлгісінде 2 танкермен және Каспиймакс үлгісінде 3 танкермен жүзеге асырылуда.

Компания қызметін жүзеге асыру барысында өз серіктестерімен, сондай-ақ теңіз сауда кемелерінде «Қашаған» кен орнына тас түрлерін тасымалдау», «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасы», «ТХКМ шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік желісі» сияқты ірі жобаларда жинаған тәжірибесі мол.

Болашақ кеңейту жобасы үшін KCOI базасынан Прорва портына дейін «Bertling» компаниясы үшін жүктер ойдағыдай тасымалданды. Атырау қаласында KPI мұнайхимиялық кешенінің құрылысы үшін Атырау өзен портына Констанца портынан ірі көлемді жүктердің 25 бірлік саны тасымалданды. «Сәтті» ӨЖБҚ сүйрету жұмыстары, АМӨЗ үшін жабдық жеткізілімін жүргізу сәтті аяқталды.

Бүгінде ҚТКФ мұнайды теңізде барлау арқылы бұрғылау және өндірістік өндіру кезеңінде мұнайдың авариялық төгілуін жою (бұдан әрі - МАТЖ) бойынша қызметті жүзеге асыруға 1-жіктелімде Мемлекеттік лицензияға ие компаниялардың бірі болып табылады. МАТЖ бойынша командалық-штабтық оқу жаттығулары ТЖМ және басқадай мамандандырылған мемлекеттік ұйымдардың қатысуымен тұрақты негізде өткізіліп отырады. Осы орайда ҚТКФ Бас директоры компанияның проблемалық мәселелеріне баса назар аудара отырып, олардың оң шешімін табу жолдарын айтты.

Тізімге оралу