«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы Маңғыстау облысының қарттар мен мүгедектерге арналған үй-интернатында өткен қайырымдылық акцияға демеушілік жасады.
Қарттар күні қарсаңында Ақтау қаласында орналасқан облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған үй-интернатында «Қарттарым – асыл қазына» қайырымдылық акциясы өтті. Шараның ұйымдастырушысы – «Біз адамдар – біз біргеміз» қоғамдық қоры.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы атаулы акцияға демеушілік жасап, шараға ұжым атынан Жастар кеңесінің мүшелері Габдуллин Ерқанат пен Алиев Руслан қатысты.
Акция барысында үй-интернаттың 100 тұрғынына арналған мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама, шахмат турнирі, әдемілік салонының қызметі ұйымдастырылды, сыйлықтар таратылды.
24.09.2018