Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері «SMM Exhibition» халықаралық көрмесіне қатысты


2022 жылғы 6-9 қыркүйек аралығында Гамбург қаласында (Германия) кеме жасау, машина жабдығы мен SMM (Shipbuilding, Machinery and Marine Technology trade fair) теңіз технологияларының халықаралық көрмесі өтті.

Аталмыш көрме бүкіл әлем бойынша теңіз индустриясы мен жаңа технологиялар қарқындылығын, ұсынылатын қызметтердің ағымдағы жай-күйін паш еткен теңіз экономикасының озат әлемдік көрмесі ретінде танылды.

 Әлемдік азаматтық кеме жасау мен кеме қатынасын дамытудың заманауи мүмкіндіктерімен Бас директор А.Е. Оржанов және ҚТКФ қызметкерлері танысты. SMM қатысушылары арасында Aker Arctic Technology Oy, Caterpillar Motoren GmbH and Co.KG, China State Shipbuilding Corporation Limited, Damen Shipyards Group B.V., Denizsan Gemi Makine San.ve Tic A.S., Izzet Cakan Gemi YAN San Tic Ltd., OZATA Shipyard Ozata Tersanecilik San. Tic.Ltd.Sti, Arab Shipbuilding and Repair Yard Co.(ASRY) сияқты кеме компаниялары, жобалау компаниялары, теңіз өнімін жеткізушілер және т.б. көптеген компаниялар болды.

Көрмеге қатысушылар теңіз технологияларын дамыту бағытында ұйымдастырылған көрменің әлемдік ауқымдылығына атап өтті және оның ұйымдастырушыларына жемісті жұмысы үшін жеке алғыстарын білдірді.

Тізімге оралу