Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері халықаралық Каспий Күніне орайластырылған науқанды ойдағыдай өткізді


Каспий теңізі оған маңайлас орналасқан Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан сияқты бес елдің жан-жақты дамуының маңызды көзі болып табылады.

2008 жылғы 12 тамызда Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясы күшіне енді және осы күн Каспий Күні деп жарияланды.

Халықаралық Каспий Күні шеңберінде ҚТКФ қызметкерлері сенбілік өткізді, сенбілік барысында акция қатысушылары Каспий теңізінің жағалауын қоқыстан және басқадай шаруашылық-тұрмыстық қоқыс қалдықтарынан тазалады.

Науқан мақсаты – тұрғындардың теңіз экологиясының проблемаларына назарын аудару болды.

Тізімге оралу