Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша контейнерлерді таситын су жаңа кемені қатарға қосты


Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде Ақтау теңіз портында Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері Күніне орай контейнерлерді таситын «Сұңқар» кемесі су бетіне түсірілді.

Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және басқадай елдердің көліктік-логистикалық кешенінің түрлі компанияларын біріктіріп отырған  «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы (ТХКМ) 2017 жылғы ақпанда құрылған болатын.

2019 жылдың бастапқы айында «Қазақстан Темір Жолы» (ҚТЖ), «ҚазМұнайГаз» ҰК, сондай-ақ оның еншілес компаниялары «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) және «KTZ Express Shipping» АҚ арасында Негізгі келісім жасасып, осы келісім шеңберінде ҚТЖ тиімді әрі теңіз операцияларын кәсіби деңгейде жүргізу үшін құрғақ жүктерді таситын 4 кемені ұзақ мерзімге ҚТКФ жалға берді.

Бүгінде теңіз жүк тасымалы аса күрделі және өзгеше салалардың бірі болып табылуда және осы нарықта бейінді кеме компаниясы деп танылған компаниялар ғана тиімді бәсекелестік жүргізу мүмкіндігіне ие болуда. Осымен бірге, активтер синергиясының мақсаты Қытай мен Қазақстан өнімдерін Әзірбайжан арқылы Еуропа нарықтарына жеткізуде тиімді мультимодалдық көлік жүйесін құру үшін «Самұрық-Қазына» Қорының активтерін біріктіруді жүзеге асыру болды. Қазіргі таңда әлемдік көліктік-логистикалық салада контейнерлер тасымалын үдету қарқындылығы сезінуде, сондықтан ҚТКФ Қазақстанда осы бағытта жүк тасымалын дамытуда атсалысуда.

ТХКМ ең басты бәсекелі артықшылықтарының бірі ретінде жүктерді КХР Еуропаға жедел, яғни 16-18 тәулік ішінде жеткізу деп жасаған мәлімдемесі болды. Алайда,  ТХКМ құрылған алғашқы жылдары контейнерлік жүктер ағынының тұрақсыздығы Ақтау-Баку желісіне теңіз флотының бірліктерін тарту мүмкіндігін бермеді, осымен бірге негізгі учаскеде тұрақты теңіз желісінің  болмауы жеткізілім жүргізудің мәлімделген жеделдігін сақтауға кедергі болды, осының салдарынан жүкайналымының қуаты артпады. Осылайша, фидерлік желі іске қосылғанға дейін Каспий бойынша бар болғаны бірнеше рейс жасалды. 

ҚТКФ қауымдастық құрамына енуі осы бастаманы дамытудың жаңа қадамы ретінде 2019 жылғы сәуірдің 16-ы күні Ақтау және Баку теңіз порттары арасында алғашқы фидердік (тұрақты) контейнерлік қатынастарға жол ашты.

Қатарға қосылған жаңа желінің алғашқы айларында жүктелімнің төмен болуына қарамастан ҚТКФ осы жобаның табысты болатынына сенімі мол болды. Ашығын айтқанда, алғашқы жарты жылда кеменің тиелімі оның жоғары көлемдерінің 10-20 %-нан аспады. Көптеген жағдайларда кеме рейске бар болғаны бір-ақ контейнермен шығып отырды. Клиеттер мен жүкжөнелтушілер бұл маршруттың жаңа контейнерлік маршрут екенін ескере отырып өзіне тиісті жүктерді Ақтау порты арқылы жөнелту тәуекеліне бармады. Осы қиындықтарға және операциялық шығындарға ұшырағанына қарамастан ҚТКФ барлық рейстерді қатаң мәлімделген кесте бойынша жүргізіп отырды. Осы ретте ол әлеуетті клиенттерге олардың жүктері межелі бекетке өзара келісілген мерзімде ешбір кедергісіз жеткізілетініне уәде берді. 

2020 жылдан бастап жүк ағындарының тұрақты өсімі байқалды, ал бұл жүкжөнелтушілердің ТХКМ жеделдігіне және сенімділігіне сенімді болуының айғағы болды. ҚТКФ аталмыш желіге екі кемені тартты – екінші кеме әзірбайжандық серіктес ASCO компаниясының кемесі болды. Бүгінде жылдық көлем 2019 жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары - бір жылда жиырма футтық эквивалентпен (ЖФЭ) шамамен 20 мың контейнерді құрады.

ҚТКФ өткізу қабілеттілігін ұлғайту қажеттігін сезіне отырып 2021 жылғы наурызда осы маршрут үшін бұдан бұрын көлемді жүктерді тасымалдауға пайдаланылған «Барыс» кемесін контейнерлерді таситын кеме түрінде қайта жабдықтады. «Барыс» елімізде алғашқы мамандандырылған контейнерлерді таситын кеме ретінде  өз бортына Каспий үшін рекордтық санмен 350 ДФЭ қабылдады. 

Қазіргі таңда үкімет басшылығы тарапынан көліктік-логистикалық саланы дамыту мәселесіне баса назар аударылуда, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев теңіз тасымалын дамыту, теңіз флотының бірліктерін ұлғайту және Ақтау портында контейнерлік хабты құру туралы бірқатар тапсырма берді.

«Сұңқар» және «Бүркіт» кемелерін контейнерлерді таситын  контейнерлер түрінде қайта жабдықтау туралы ҚТКФ тарапынан қабылданған шешім Елбасымен белгіленген мемлекеттік міндеттерді шешуде оң септігін тигізетіні сөзсіз.

Жақын арада «Сұңқар» кемесін жаңғырту бойынша жұмыстар ақтық мәресіне жетіп, контейнерлерді таситын екінші кеме мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері Күніне орай алғашқы рейске шықты, ал бұл ҚТКФ флотының қуатын жылына 30 ДФЭ дейін арттырмақшы.

ҚТКФ «Бүркіт» кемесін контейнерлерді таситын кеме түрінде жаңғырту жұмыстарын бастамақшы, ол осы жұмыстарды кезекті жылдың 1-тоқсанында аяқтауды жоспарлауда.

Анықтама үшін:

Фидерлік желі қатарға қосылған сәтінен бастап контейнерлердің  59 532 ДФЭ бірлігі тасымалданды, соның ішінде ҚТКФ үлесін 49 463 ДФЭ құрады. 2022 жылғы 8 ай ішінде 20 726 ДФЭ тасымалданды, соның ішінде ҚТКФ үлесіне 13 478 ДФЭ тиісті болды.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің 04.12.1998 жылғы № 1239 Жарлығымен құрылды, Жалғыз қатысушы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болып табылады.

 «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 462 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз тасымалдаушысы мәртебесі белгіленді.

Тізімге оралу