Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kmg.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесі үшін марапатталды


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары Бас директорларының VIII жыл сайынғы форумы шеңберінде еңбекті қорғау саласында көшбасшылық және бейілділік тақырыбында сессия өткізіліп, осы сессия барысында аталмыш салада озат компаниялар марапатталды.

Осы орайда Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атсалысып, сүбелі үлес қосқан ҚТКФ компаниясы наградталды. Ұлттық компания ағымдағы жылғы шілде айында үрмелі матраста теңізде жоғалған және Каспий теңізінің жағалауынан 22 километр қашық жерден табылған Маңғыстау облысының үш тұрғынын іздестіру-құтқару бойынша операцияларды жүргізуде «Сұңқар» экипажының жұмыла орындаған жұмысын атап өтті.

Тізімге оралу