Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС «Көлік және логистика» халықаралық көрмесіне қатысуда


Жақын арада «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Есенжанұлы Оржанов бастаған делегация дәстүр бойынша ағымдағы жылғы қазанның 13-інен 15-іне дейін өтетін «Көлік және логистика» 24-ші қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысуда.
«Көлік және логистика» - бұл Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі. Көрмеге жыл сайын 100-ден астам компания қатысады, олардың 60 %-ы – шетелдік қатысушылар.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі Бейбіт Атамқұловты компанияның ағымдағы қызметі және оның даму жоспарлары туралы таныстырып өтті.
ҚТКФ – бұл аса тиімді, бәсекеге қабілетті, халықаралық біріктірілген кеме компаниясы ретінде жоғары халықаралық кеме қатынасы қауіпсіздігінің стандарттарына сәйкес келетін, қазақстандық және шетелдік серіктестерге қызметтердің сенімді жеткізушісі деп танылған компаниялардың бірі. Бүгінде ҚТКФ флотын әртүрлі үлгіде және мақсаттарда көзделіп отырған жалпы салмағы 340 мың тонна 23 кеме, соның ішінде 5 танкер, олардың үшеуі – Каспий теңізінде, екеуі – Қара теңізде, сондай-ақ көпбейінді 2 кеме, контейнерлерді таситын 1 кеме және құрғақ жүктерді таситын 4 кеме, теңіз операцияларын қолдау флотының 8 баржа-алаңы мен 3 сүйреткіші құрады.
Қазіргі таңда нарықта ҚТКФ әлуеті күннен күнге арта түсуде, осы орайда бизнес аясын кеңейту және флот бірліктерінің санын ұлғайту Компания өндірістік қызметінің назарындағы басты мәселелердің бірі болуда. 2020 жылы Компанияның бастамашылығымен «Аффрамакс» үлгісінде екі мұнай танкерін сатып алу/олардың кеме жасауы және пайдалану» инвестициялық жобасы мақұлданды.
ҚТКФ түрлі шағын көлемді жүктерді тасымалдау бойынша жобаларға ойдағыдай қатысып, Атырау қаласындағы мұнайхимиялық кешенінің құрылысы үшін Констанца портынан Атырау өзен портына ірі көлемді жүктердің 25 бірлік санын тасымалдады.
Осымен бірге ҚТКФ кемелері «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасында көзделген жұмыстарды табысты әрі уақтылы аяқтады.
ҚТКФ негізгі жобаларының бірі - халықаралық контейнерлік тасымал болып табылады. Фидерлік желіні іске қосу барысында жүк тасымалының көлемдері ұлғая түсті, осының нәтижесінде жолсапарда болу уақытының ұзақтығы үш есеге дейін қысқарды.
Эпидемиологиялық жағдайға қатысты дер кезінде алынған шаралардың арқасында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС кемелерінде COVID-19 жұқпасын жұқтыру немесе осының салдарынан өлімге әкеліп соқтырған бірден бір жағдай тіркелмеді. Осылайша карантиндік шектеулерге қарамастан компанияның барлық өндірістік көрсеткіштері жоспардан асыра орындалып, ҚТКФ өз алдына белгілеген мақсаттарға қол жеткізді.
ҚТКФ Бас директоры Айдар Оржанлов халықаралық тасымалдау және теңіз жобаларына қызмет көрсету саласында компанияның даму стратегиясы туралы айтып өтті.

Тізімге оралу