Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов әріптестерді Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының қызметкерлері Күнімен құттықтады


Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының қызметкерлері Күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС салтанатты іс-шара өтті.

Осы орайда Бас директор Айдар Есенжанұлы Оржанов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Осы мейрам күні міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде атқарған, жемісті еңбек еткен және өз ісін адалдықпен атқарған бірқатар ұжым қызметкерлеріне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан естелік белгілері мен Құрмет грамоталары табысталды. Ұжым басшысы қызметкерлерге олардың адал еңбегі, бастамашылығы мен кәсіби деңгейдегі жұмысы үшін шынайы алғысын білдіріп, оларға қызмет сапалығын арттыруда және компания серіктестіктерінің сенімділігін қамтамасыз етуде күш-жігер және еңбекте мол  жетістіктер тіледі.

Тізімге оралу