Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетіне барып қайтты


Ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) Басқармасының төрағасы Айдар Есенжанұлы Оржанов Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ) барып қайтты.  
ҚТКФ Бас директоры А.Е. Оржановтың ҚБТУ ректоры М.Т. Ғабдуллинмен басқосуы шеңберінде Айдар Есенжанұлы жоғары оқу орнының академиялық жұмысымен, атап айтқанда ҚБТУ жанында құрылған Қазақстан теңіз академиясының (ҚТА) қызметімен танысты.  
 
Бұдан басқа А.Е. Оржанов ҚТА студентерімен әңгімелесу барысында теңіз кәсібі ауқымының маңыздылығын және әлемдік нарықта стратегиялық перспективаларды атап өтті.  
 
А.Е. Оржанов: «Бүгінде ҚТКФ ұлттық теңіз тасымалдаушысы ретінде еліміздің теңіз саласының кемел келешегіне және теңіз саласында жаңа мамандарды даярлау мәселесіне назар аударуда» - деді.  
 
Сондай-ақ, ұйымның бірінші басшылары ҚТКФ және ҚБТУ арасында ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар осы меморандум шеңберінде мемлекеттік теңіз индустриясын дамыту перспективаларын кеңінен талқылап, еңбекте бір біріне табыс тіледі.

Тізімге оралу