Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС 2021 жыл қорытындысы бойынша басты өндірістік көрсеткіштері


Мұнай тасымалы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС мұнай тасымалдауының жалпы көлемі 2021 жылы 9 855 мың тоннаны немесе жоспарланған көрсеткіштің 177% (5 580 мың тонна) құрады.

Каспий аймағында Ақтау - Махачкала бағытында КТКФ өз флотымен 526 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 97% (540 мың тонна).

 

Ашық теңіздер бойынша

Ашық теңіздерде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштердің орындалуы 9 318 мың тоннаны құрады немесе жоспарланған көрсеткішке (5 040 мың тонна) қатысты 185%.

 

Контейнерлік тасымалдау

Ақтау-Баку-Ақтау тұрақты фидерлік желісі Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты аясында 2019 жылдың сәуірінде іске қосылған болатын.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК осы желінің теңіз операторы болып анықталды.

Фидерлік желі Іске қосылған күннен бастап 38 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) контейнер тасымалданды.

2021 жылы Ұлттық теңіз операторының кемелері 17 722 ЖФЭ контейнер тасымалдады, оның ішінде Ақтау-Баку бағытында 13 153 ЖФЭ (87,1%) және Баку-Ақтау бағытында 4 569 ЖФЭ (36,9%).

Контейнерлер типіне қарай (барлық контейнерлер саны бойынша) келесі көрсеткішті құрады:

жиырма футтық – 45%

қырық футтық – 47%

қырық футтық рефрижераторляқ – 7%

қырық бес футтық – 1% төмен

Тізімге оралу