«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК «Жер Сағаты» акциясына қатысты
Жер Сағаты - 2007 жылдан бастап Австралияда Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Электр энергиясын тұтыну үнемі артып келеді, оның өндірісі де өсуде. Бұл қоршаған ортаның үлкен жүктемесіне, яғни оның экологиялық ластануына әкеледі. Электр энергиясын тиімді тұтыну бүкіл әлемнің маңызды міндеті болып табылатыны анық.
Сондықтан жеке тұлғалар, ұйымдар, коммерциялық мекемелер наурыз айының соңғы сенбісінде он жылдан астам уақыт бойы бір сағатқа жарықты сөндіреді. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК климаттың өзгеруі проблемасына назар аударуға өз үлесін қосты. 28 наурызда НұрСұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ғимаратының жарықтандырылуы өшірілді.
28.03.2020