Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК жас еріктілері марапатталды


Баршаңызға белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл корпоративтік еріктілер жылы деп жарияланды.  «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК еріктілер қозғалысы 2020 жылы да жалғасын тапқан болатын. Біз бұған дейін компанияның бірнеше марапатталған қызметкерлері туралы жазған едік.

Өткен жылдың аяғында «Самұрық-Қазына» АҚ Қоры компаниялар тобының жастары арасында еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы «Әлеуметтік өзара байланыс және коммуникациялар Орталығы» мекемесі «Үздік ерікті-2020» байқауын жариялады.

Байқауға Маңғыстау облысындағы еріктілер қозғалыстарына белсенді қатысып жүрген ҚТКФ Жастар кеңесінің мүшелері қатысты. Байқау нәтижесі бойынша компанияның еріктілер тобы дипломмен марапатталды.

Біз жас әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта сәттілік, жаңа тың идеялар, жасампаз күш, ынтымақтастық және нәтижелі жұмыс тілейміз!

Тізімге оралу