Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкерлері жыл сайынғы Жастар слетіне қатысты


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкерлері жыл сайынғы Жастар слетіне қатысты. Оны ҚМГ Адами ресурстарды басқару блогы және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының Жас мамандар кеңесі комитетінің өкілдерімен бірлесе ұйымдастырды.

Бейконференция форматында өткен жиын қатысушылары Қазақстанның белгілі тұлғаларымен, мысалы, отандық марафоншы Марат Жыланбаевпен кездесті. Ең қызығы, барлық пікірталас алаңының тақырыптары болымсыздық бөлшегін пайдалану арқылы құралған: «Мақсаттан таймаңыздар», «Немқұрайлы болмаңыздар», «Жай ғана лидерлер емес» және сол тәрізді тақырыптар. Кездесу орны Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайы болып таңдалған.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК атынан Флотты техникалық пайдалану департаментінің техникалық суперинтенданты Нұржан Жұмаев, Флотты коммерциялық пайдалану қызметінің маманы Роман Кийнов және Стратегиялық даму департаментінің маманы Әйгерім Шакенова қатысты.

Бағдарлама аясында қатысушылар өнеркәсіптік қарым-қатынас мәселелерін корпоративтік мәдениеттің негізі ретінде талқылады, оқыту курстарынан өтіп, тағы басқа шараларға қатысты. Өз білімдері мен тәжірибесімен бөліскендер арасында өмірде және жұмыста үлкен табысқа қол жеткізген «ҚазТрансГаз» ҰК Бас директорының орынбасары Тайыр Жанұзақ, «ҚазТрансОйл» ҰК Пайдалану департаментінің бас инженері Данияр Смағұлов, IT-әзірлеушілер Алибек Датбаев және Асхат Мырзабаев болды.

Тізімге оралу