Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкерлері Каспий күніне орай акция өткізді


2008 жылдың 12 тамызында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран Конвенциясы күшіне енді және Каспий күні жарияланды.

Каспий теңізі шекаралас бес елдің - Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түркіменстан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды көзі болып табылады.

Каспий теңізінің бірегей биологиялық әртүрлілігі мен экожүйесін сақтау қажеттілігіне қоғам назарын аудару мақсатында Каспий күні жыл сайын Каспий жағалауындағы бес мемлекетте атап өтіледі.

Каспий күні аясында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкерлері акция өткізіп, оның барысында Каспий теңізінің жағалауынан бірнеше қап қоқыс жинады.

Акцияның мақсаты тұрғындардың назарын Каспий экологиясы мәселесіне аудару болды.

Тізімге оралу