Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК маманы О.Краснова «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты қалалық байқауында жүлделі екінші орынды иеленді


Бүгін, 16 шілдеде Ақтау қалалық әкімдігінің ұйымдастырумен қазақ тілін меңгергендер арасында өткен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты қалалық байқауға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК маманы, Жастар кеңесінің мүшесі Краснова Олеся қатысып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды!

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту, туған жердің табиғатын білуге, оны құрметтеуге баулу, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліндегі тапқырлығын, білімділігін және көргенділігін анықтау болатын.

Байқау шарты өзін таныстыру, аудиомәтінді тыңдап сұрақтарға жауап беру, латын негізді, жаңа қазақ әліпбиімен жазылған сөйлемдерді оқу, Маңғыстау өңіріндегі белгілі жерлердің атауын табу және қысқаша ақпарат беру, мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру, өз өнерін көрсету (қазақ тілінде ән айту, өлең оқу немесе би билеу) секілді сегіз түрлі сайыстардан тұрды.

Тізімге оралу