Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай майданда қаза тапқандарды еске алды.


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай майданда қаза тапқандарды еске алды.

Шара Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай гүл қою рәсіміне арнап жасаған алаңда өтті.

Бас директор А.Е.Оржанов бастаған «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының басшылық құрамы мен Жастар кеңесінің мүшелері ескерткішке салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.

Ардагерлерді құрметтеуге арналған бұл акция «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының аясында өтті.

2002 жылдан бері «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Алматы мен Ақтау қалаларында тұратын жауынгерлер-теңізшілерге, ардагерлер мен ҰОС тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетіп келеді. Ардагерлерге материалдық және басқа да көмектер тұрақты түрде көрсетіледі.

Биыл да ұжым мүшелері ардагерлердің мекен-жайларында болып, сыйлықтар табыстап, соғыс жылдарындағы әңгімелерін тыңдап, ризашылық баталарына ие болды.

Тізімге оралу