Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҰҚК «Каспий порттары және кеме қатынасы – 2021» ІІ халықаралық көрмесі мен мәжілісіне қатысты


Ақтау қаласында «Каспий порттары және кеме қатынасы 2021» ІІ халықаралық көрмесі мен мәжілісі («Caspian Ports and Shipping 2021») бастау алды. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС осы іс-шара ұйымдастырушыларының бірі болды және көрме мен мәжіліс жұмысына белсенді қатысты.
ҚТКФ делегациясын компанияның Бас директоры Айдар Есенжанұлы Оржанов басқарды.
«Rixos Water World Aktau» отелінің көрме аумағында ҚТКФ туралы ақпараттық стенд және ҚТКФ кемелерінің макеттері орнатылды. Ақпараттық стенд алдында ҚТКФ Бас директоры Айдар Оржанов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Руслан Баймишевті компанияның қызметі және даму перспективалары туралы таныстырып өтті.
Сондай-ақ, «ЕО-АЗИЯ инвестицияларды тартуды және өзара ынтымақтастықты дамытуды ТХКМ арқылы көтермелеу. Қатынаста болу» сессиясының жұмысына қатыса отырып Бас директор А.Е.Оржанов Транскаспий тасымалы туралы баяндама жасады.
А.Е.Оржанов баяндамасында ҚТКФ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылып, бүгінде Ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылатындығын атап өтті.
Нарықта болу тәжірибесінің аз болуына қарамастан Компанияға Қазақстан Республикасында ірі және қазіргі заманға сай флот – танкерлер, сүйреткіш кемелер, сондай-ақ ірі көлемді жүктерді тасып шығаруға арналған кемелер және әртүрлі мақсаттарға көзделген баржалар тиісті.
Бүкіл әлім бойынша қолайсыздық тудырған экономикалық жағдайға қарамастан ҚТКФ бүгінде дер кезінде алынған шаралар есебінен қызмет тиімділігін арттыруға, шығындарды мейлінше азайту мен клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін арттыруға айрықша назар аудара отырып оң жетістіктерге қол жеткізуде. Кемелердің авариясыз пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып мұнайдың төгілуіне жол берілмеді, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, КТКФ кемелері мен жағалау персоналының әлеуметтік ахуалын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.
ҚТКФ құрылған сәтінен бастап өз қызметін 23 жыл бойы жүзеге асыру барысында «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасы, «Атырау қаласында KPI мұнайхимиялық кешен құрылысы» сияқты ірі жобаларға қатысты, ТХКМ шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау маршруты, сондай-ақ Түрікменбашы-Баку маршруты және т.б. бойынша фидерлік желі бойынша контейнерлердің тасымалын жүзеге асыруды қолға алды.
Қазіргі таңда Түрікменбашы – Баку маршруты бойынша теңіз операцияларына тарту үшін екінші мамандандырылған көпбейінді кемені контейнерлерді таситын кеме түріне қайта жабдықтау бойынша жоба іске асырылуда. Перспективада ҚТКФ контейнерлерді таситын өз кемелерін Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі шеңберінде Каспий теңізінде Ресей порттары – Каспийдің оңтүстік жағалауында Иран порттары маршрутында, сондай-ақ Ақтау, Баку, Түрікменбашы порттарынан Иранның Каспий порттары бағытындағы маршруттарда кеңінен пайдалану мүмкіндігін пысықтауда.

Тізімге оралу