Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директорының қатысуымен есепті жиналыс өтті


 «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясында (ҚТКФ) Бас директоры А.Е.Оржановтың ҚТКФ ұжымымен есепті жиналыс өтті.

Есепті жиналыс барысында өндірістік-экономикалық көрсеткіштерге, инвестициялық жобалардың іске асырылуына, кемелердің қауіпсіз пайдаланылуына, жазатайым оқиғалар мен қоршаған ортаның ластану уақиғаларына жол берілмеуіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа,  есепті 2021 жыл бойынша «COVID 19» жұқпасының кеңінен таралмауы бойынша қабылданған шараларға баса назар аударылды.

Мұнай тасымалдау.

2021 жылғы қорытындылар бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 9 855 мың тонна мұнайды немесе жоспарланған көрсеткішке қатысты 177 % (5 580 мың тонна) құрады. Соның ішінде:

§ Каспий бойынша тасымалданған мұнай көлемі - 537 мың тонна немесе жоспарланған көрсеткішке қатысты 99 % (540 мың тонна) құрады;

§ Ашық теңіздерде тасымалданған мұнай көлемі - 9 318 мың тоннаны немесе жоспардың 185 %-ын (5 040 мың тонна), соның ішінде Қара теңізде - 3 546 мың тоннаны және Жерорта теңізінде - 5 772 мың тоннаны құрады.

2021 жылғы қорытындылар бойынша Ақтау порты арқылы мұнайды ауыстырып тиеу 2 111 мың тоннаны құрады. Ақтау портынан ауыстырып тиелген көлемде ҚТКФ тасымалдау үлесіне 526 мың тонна шақ келді.

Теңіз операцияларын қолдау флоты жұмысының қорытындылары.

 «North Caspian Operating Company N.V.» жобасы шеңберінде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Қашаған» кен орнында су түбін тереңдету жұмыстары бойынша ҚТКФ өз меншігіндегі «Ырғыз», «Талас», «Ембі» сүйреткіштерін, сондай-ақ «Оазис» жүзбе қонақ үйін пайдалануға берді. Аталмыш науқан 2021 жылғы мамырдан қарашаға дейін жүргізілді, жоба бастамасы 2022 жылы наурызда басталып осы жылдың тамыз айына дейін жалғаспақшы.

Контейнерлерді тасымалдау

Транскаспий халықаралық көлік маршрутында (ТХКМ) тасымалданған жиырма футтық эквиваленттегі контейнерлер саны - 17 722 бірлік құрады. Оның ішінде мына бағыттар бойынша:

Ақтау порты – Баку порты: 13 153 ЖФЭ

Баку порты – Ақтау порты: 4 569 ЖФЭ

Орташа тиелім  50,76 % (Ақтау порты – 73,3%, Баку порты – 28,23%)

Негізгі жүктерді тасымалдау

ҚТКФ флотымен 2021 жылы тасымалданған негізгі жүктер 105 мың тонна болды, соның ішінде  полиэтилен, карбамид, полиэтилен тиелген паллеттер, жобалық жүктер және басқасы.

Іске асырылған ірі жобалар

Контейнерлерді таситын MCV «Барыс» кемесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді, жаңғыртудан өткен кеме 2021 жылғы 8 наурыздан бастап жүктерді Ақтау портынан түрлі бағыттарда тасымалдау кезінде ойдағыдай пайдаланылуда. Каспий өңірінде контейнерлерді таситын кемелерге сұраныстың жоғары болуын ескере отырып мамандандырылған екінші кемені контейнерлерді таситын кеме түріне жаңғырту жөнінде шешім қабылданды.

Контейнерлерді тасымалдау Түрікменбашы – Баку маршруты бойынша жүзеге асырылуда.

ТХКМ шеңберінде өткен жылы 17 722 ЖФЭ контейнерлері тасымалданды. 2021 жылы ТХКМ бойынша ҚТКФ теңіз операторы мәртебесінің мерзімі ұзартылды.

2021 жылы мұнайдың төгілу және қоршаған ортаның  ластану жағдайлары тіркелмеді, компания өз қызметін қалыпты деңгейде жүзеге асырды. Кемелер кеме қатынасы саласында халықаралық талаптарға сәйкес келуі мәніне жоспарланған және аралық куәландырудан дер кезінде өтті.  

ҚТКФ бойынша жазатайым оқиғалар және қызметкерлердің уақытша/тұрақты еңбек жарамсыздығына әкеліп соқтырған өндірістік жарақат алу жағдайлары тіркелмеді.

ҚТКФ Жарғысы жаңа редакцияда және 2022-2026 жылдарға арналған Бизнес-жоспары бекітілді.

Қыркүйек айында Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) ҚТКФ және Біріккен кеме жасау корпорациясы кеме жасау және кеме жөндеу саласындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қараша айында Абу-Даби қаласында ҚТКФ және Abu Dhabi Ports компаниясы арасында мұнай операциялары үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісімге қол қойды.

ҚТКФ 24-ші Халықаралық мұнай-газ көрмесіне және Abu Dhabi International Petroleum Exhibition & Conference конференциясына, «KIOGE 2021» 27-ші Қазақстан халықаралық көрмесіне, «Каспий порттары және кеме қатынасы – 2021» ІІ Халықаралық көрмесі мен конференциясына, «Көлік және логистика» халықаралық көрме шеңберінде өткізілген Халықаралық конференцияға қатысты.

ҚТКФ қызметкерлері үшін оңтайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын бір жолға қою мақсатында ҚТКФ бойынша матреиалдық көмек түрлері беріліп, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру жыл сайынғы негізде жүргізілуде.

Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілді, ақпараттық жүйелер, телекоммуникация құралдары жұмысында келеңсіздіктер орын алып, жұмыстың тоқтап  қалған жағдайлары болған жоқ.

ҚТКФ әлеуметтік тұрақтылығы бекітілген ішкі құжаттармен және Жалғыз қатысушының ұсынымдарымен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай кезеңінде короновирус жұқпасының таралмауы бойынша уақтылы ден қою қамтамасыз етілді.

ҚТКФ әлеуметтік жауапкершілігі.

ҚТКФ өз қызметін жүзеге асыру барысында өңірдің қоғамдық мәнге ие іс-шараларға және қайырымдылық науқандарына белсенді қатысуда.

Осылардың бірі ретінде Маңғыстау облысының фермерлеріне көмек көрсету мақсатында 3 млн теңгеге жуық жиналған ақшалай қаражатқа жем сатып алу және оны жеткізу болды.

ҚТКФ 12 тамызда Каспий Күнін атап өту шеңберінде сенбілік өткізді. Сенбілік барысында Каспий теңізінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Науқан мақсаты – тұрғындарды Каспий экологиясының проблемаларына назар аударту болды.

ҚТКФ қызметкерлері Маңғыстау облысының волонтерлік қозғалысына белсенді қатысуда.

ҚТКФ Алматы, Ақтау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Маңғыстау облысының Сәбилер үйіне шефтік көмекті үзбей көрсетуде. 

ҚТКФ Бас директоры А.Е.Оржанов өндірістік проблемаларға, олардың оң шешімін табу жолдарына және 2022 жылға белгіленіп отырған негізгі міндеттерге баса назар аударып, компанияның қызметкерлері мен флот экипаждарына алғыс білдірді.

Тізімге оралу