Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов әріптестерін Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады


КТКФ Бас директоры Айдар Оржанов әріптестерін Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады

«Тарихқа енетін 2021 жыл – еліміз, баршамыз үшін мерейлі жыл. Биыл Тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдығын атап өтудеміз. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды, тәуелсіздік жылдарында бізді әлем мойындап, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жерде де ортақ үлес бар, сондықтан халықтың бостандығы мен ұлылығын бейнелейтін бұл мереке бәріміз үшін қымбат. Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!» - деді Айдар Есенжанұлы.

Компания басшысының құттықтау сөзінен кейін қалыптасқан дәстүр бойынша жұмыста көзге түскен қызметкерлерге марапаттар табысталды.

Жемісті шығармашылық еңбегі, мұнай-газ саласын және компанияны дамытуға қосқан зор үлесі үшін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Заң департаментінің жетекші маманы Э.А. Анисимова марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік тілді дамытуда қосқан сүбелі үлесі, кәсіби және мінсіз жұмысы үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Алғыс хаттары корпоративтік мәселелер жөніндегі топ басшысы Ж.А.Есіркеповаға, бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру департаментінің жетекші маманы Е.Е.Ғабдуллинге, қызметкерлер құрамын басқару департаментінің маманы А.А.Демкоға, теңізде жүзу қауіпсіздігі департаментінің капитан-жетекшісі С.В.Сарбалинге, теңізде жүзу қауіпсіздігі департаментінің капитан-жетекшісі А.Б.Отузовқа, флотты техникалық пайдалану департаментінің капитан-тағылымдамашысы М.Ж.Сәрсембиевке, флотты коммерциялық пайдалану департаментінің аға маманы Р.К.Қиыновқа табысталды.

Сонымен қатар, өлшеусіз еңбегі мен індет жайлаған аса қиын жағдайда азаматтардың денсаулығын қорғауға зор үлес қосқаны үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК бірнеше қызметкерлері KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының Алғысымен марапатталды: персоналды басқару департаментінің директоры О.С.Құсалимов пен атаулы департамент мамандары Л.А. Қарасаева мен А.А. Демко және еңбекті қорғау, қоршаған орта және сапа департаментінің мамандары Б.М. Ережепов пен Ж.А. Ирғалиева.

Тізімге оралу