Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Оржанов ұжымдастарын кәсіби мерекемен құттықтады


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Оржанов ұжымдастарын кәсіби мерекемен құттықтады

Теңіз және өзен флотының қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК (бұдан әрі – ҚТКФ) Бас директоры А.Оржанов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Компания экипаждарының барлық мүшелеріне ҚТКФ Бас директоры А.Е.Оржановтың Алғыс хаттары жолданды.

ҚТКФ Бас директоры «Сіздерге адал және жемісті жұмысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Экипаж мүшелерінің жауапкершілігі, табандылығы мен үлгілі тәртібі арқасында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК, әсіресе осы қиын уақытта, жоспарлаған көрсеткіштер орындалуда Сіз бен біз болып үлкен жетістікке қол жеткіздік, алайда алда әлі талай жұмыс бар. Келесі кәсіби жыл біз үшін жеңіл және жемісті болсын деп тілеймін!» деп тілек білдірді.

Теңіз және өзен флоты қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ұлттық флоттың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші маманы В.А.Ким, құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің аға маманы Р.Т.Алиев, флотты техникалық пайдалану департаментінің директоры Н.Т.Жұмаев, флотты техникалық пайдалану департаментінің механик-тәлімгері   А.Х.Тапалов, флотты техникалық пайдалану департаментінің аға маманы Е.А.Бектеміров, бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры Г.К.Садықова, Заң департаментінің жетекші маманы Э.А.Анисимова, құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің аға маманы А.С.Есниязова, еңбекті қорғау, экология және сапа департаментінің маманы А.М.Орынова, бухгалтерияның аға маманы А.С.Нуржанова, флотты коммерциялық пайдалану департаментінің аға маманы А.М.Маштаков марапатталды.

Сонымен қатар, Теңіз және өзен флоты қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ұлттық флоттың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Бас директордың кеңесшісі Д.Н.Жұмашеваға, бухгалтерияның аға маманы Т.Г.Глембовскаяға, бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру департаментінің аға маманы Ж.К.Ғұмароваға, флотты техникалық пайдалану департаментінің механик-тәлімгері А.Б.Қызыловқа, флотты техникалық пайдалану департаментінің механик-тәлімгері М.Ж.Сәрсембиевке «Алғыс» жарияланды.

Тізімге оралу