Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Оржанов «Самұрық-Қазына» ҰҚ АҚ басшысын компанияның ағымдағы жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы таныстырды


Ағымдағы жылдың 13 мамырында «ҚақМұнайГаз» ұлттық компаниясының өндірістік нысандарымен танысу аясында Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Саткалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев келді.

Ақтау портының құрғақ жүктер айлағында  «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  басшысын компанияның ағымдағы жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы таныстырды.

Қазіргі таңда компанияға әртүрлі үлгіде, түрлі мақсаттар үшін көзделген және жалпы салмағы 340 мың тонна 23 кеме, соның ішінде үшеуі Каспий теңізінде, екеуі Қара теңізде ойдағыдай пайдаланылып отырған 5 танкер, мамандандырылған көпбейінді 2 кеме, контейнерлерді таситын 1 кеме және құрғақ жүктерді таситын 4 кеме тиісті. Компанияның теңіз операцияларын қолдау флотын 8 баржа-алаңша және 3 сүйреткіш құрап отыр. 

ҚТКФ жыл сайынғы мұнай тасымалдау көлемі  11 млн тоннаға дейін жетті. Мұнай тасымалы Афрамакс үлгісінде 2 танкермен және Каспиймакс үлгісінде 3 танкермен жүзеге асырылуда. 

Компания «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасы», «ТХКМ шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік желісі», «Атырау қаласында KPI мұнайхимиялық кешенінің құрылысын салу» сияқты басқа да көптеген ірі жобаларға қатысты. 

ҚТКФ Бас директоры компанияның халықаралық тасымал мен теңіз жобаларына қызмет ету стратегиясы туралы баяндады.

Тізімге оралу