Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Оржанов «Халық алғысы» медалімен наградталды


Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы Бас директорының экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары Сүлейменов Ринат Ғалымжанұлы, компанияның жалпы сұрақтар бойынша Басқарушы директоры Черкасский Виктор Сагитович және ҚТКФ Бас директорының Кеңесшісі Жұмашева Динара Нағимоллақызы награтталды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК  заң департаментінің директоры Мұхамеджанов Жамарт Сәрсенбекұлы мен  жетекші маманы Мұрзаханов Еркін Серікұлы, еңбекті қорғау, қоршаған орта және сапа департаментінің жетекші маманы Ақаев Қайдар Қобланұлы наградталды.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Естелік белгісімен Бизнесті дамыту департаментінің жетекші маманы Бойцун Илья Александрович, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен Флотты коммерциялық пайдалану департаментінің директоры Медина Тұрлан Дүйсешұлы марапатталды.


Тізімге оралу