Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Е.Оржановтың Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтауы


Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді шын жүректен кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Сіздерге денсаулық, күш-жігер, отбасыңызға құт-береке тілеймін!

Биылғы мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Маңғыстау мұнайының 60 жылдық меркесімен тұспа-тұс келіп отыр.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметі «қара алтын» – мұнайды тасымалдаумен тікелей байланысты болғандықтан осы кәсіби мереке біз үшін ортақ.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК 2000 жылдардың басында Каспий теңізі арқылы, ал кейінірек ашық теңіздер арқылы мұнайды тасымалдауды қолға алды.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының құрылған күнінен бастап еліміздің егемендігі жарияланған жылдары 135 млн тоннадан артық мұнай тасымалданды.

Біздің компания ірі отандық және әлемдік компанияларға қызмет көрсетеді және мұнай саласының көптеген маңызды жобаларының қатысушысы болып табылады. Тасымал қауіпсіздігінің халықаралық талаптарына сәйкес болуды қамтамасыз ететін нағыз заманауи флот пен техниканы қолдануда.

Осының бәрі білікті мамандардың бірлесе атқарған жұмысы, Жалғыз қатысушы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жан-жақты қолдау көрсетуі мен компаниямыздың серіктестіктерінің бізге сенім артуы арқасында қолжетімді болып отырғаны сөзсіз.

23 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ алдымызда алынбаған асулар да баршылық. Болашақта қол жеткізген жетістіктерге тоқтап қалмай флотымыздың күш-қуатын арттыра отырып, қуатты танкерлердің кеме жасауын жүзеге асыруымыз қажет. Мен жылдар бойы жинаған тәжірибеміз бен құзырлықтарымыз, шеберлігімізді одан әрі ұдайы жетілдіріп отыруға білдірген ниетіміз, салада қалыптасқан әдет-ғұрыптар компаниямызды одан әрі дамытудың берік негізін қалайды әрі алдымызға белгілеген міндеттерге қол жеткізуде сенімді болуымызға шүбә келтірмейді деп сенемін.  

Мен барлық әріптестерге, серіктестерге және сала ардагерлеріне атқарып отырған ортақ ісімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдіремін.

Танытқан бастамаларыңыз тиісті игіліктерін, ерен еңбектеріңіз ойдағыдай жемісін беріп, бірлесе атқарып отырған ортақ ісіміз нәтижелі болатынына сенімім мол!

 

Ізгі тілекпен,

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС

Бас директоры

А.Е. Оржанов


Тізімге оралу