Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Е.Оржанов әріптестерін Наурыз мерекесімен құттықтады


2021 жылы 19 наурызда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК (бұдан әрі - ҚТКФ) көктемгі Наурыз мейрамына арналған мерекелік онлайн-шара өтті. ҚТКФ Бас директоры Айдар Есенжанұлы Оржанов ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады.

«Наурыз – Шығыс халықтарының ортақ тамырларының көрінісі. Осыдан дәстүрлердің ұқсастығы шығады. Мерекені 30 елде 300 миллионнан астам адам тойлайды. Баршаңызды осынау керемет мерекемен құттықтай отырып, әр отбасыға татулық, достық, келісім мен бірлік тілеймін!» - деді компанияның Бас директоры өзінің құттықтауында.

Мерекеге орай ұжым мүшелері тарапынан да ізгі тілектер айтылып, олар пандемия кезеңі жақын арада елден кетіп, ҚТКФ ұжымы келесі Наурызды жақсы дәстүр бойынша таза ауада, ашық аспан астында, бүкіл ұжыммен оффлайн режимінде атап өтуге үміт білдірді.

Тізімге оралу