Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК 2019 жылдың І жартыжылдығындағы өндірістік қызметінің қорытындысы бойынша ұжымдық жиналыс өтті


Бүгін, 2019 жылдың 3 шілдесінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Орманов Марат Көшкінбайұлының төрағалығымен Компанияның 2019 жылдың І жартыжылдығындағы өндірістік қызметінің қорытындысы бойынша ұжымдық жиналыс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес қызметтің мынадай негізгі бағыттары бойынша жетекшілік ететін жауапты тұлғалардың жұмыс есебі тыңдалды:
- Техникалық блок қызметінің қорытындылары және екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер бойынша Бас директордың теңізде жүзу қауіпсіздігі және флотты пайдалану жөніндегі орынбасары Ж.Т.Көпбаев баяндады;
- Коммерциялық қызмет пен даму стратегиясы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен екінші жартыжылдыққа жоспарланған міндеттер туралы Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Е.Оржанов мәлімдеді;
- Қаржылық-экономикалық қызмет нәтижелері және екінші жартыжылдық міндеттері жайлы
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Г. Сүлейменов баяндады;
- Әкімшілік-ұйымдастыру қызметі жайында Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары В.С. Черкасский сөз сөйледі;
- Кадр саясаты туралы қызметкерлер құрамын басқару департаментінің директоры Ж.С. Аязбеков баяндады.

Марат Көшкінбайұлы жиналысты қорытындылау барысында Компания бөлімшелерінің қызметіне оң баға берді: бірінші жартыжылдықтағы жоспарлар орындалған және асыра орындалған. Сонымен қатар ол Компанияның алдағы жартыжылдыққа арналған міндеттеріне бөлімшелер бойынша тоқтап өтіп, олардың басшылары мен жетекшілік ететін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Тізімге оралу