Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Сүлейменов Ринат Ғалымжанұлы


Сүлейменов Ринат Ғалымжанұлы

Білімі туралы мәлімет:

– 1996 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын «Экономика және құрылыстағы басқару» мамандығы бойынша тәмамдап, инженер-экономист біліктілігі берілді.

– 2011 жылы Ұлыбританиядағы Bournemouth University оқу орнын ІӘМ бағдарламасы бойынша аяқтап, Master of Business Administration дәрежесі берілді.

Бұрынғы жұмыс орындары және атқарған қызметтері туралы мәлімет:

Еңбек жолын 1996 жылы Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясында бастап, 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық Басқармасындағы өндірісітік-пайдалану кәсіпорнында қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының әскери күштері қатарында азаматтық борышын атқарды.

2001 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың мамырына дейін мемлекеттік қызметте болып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маманнан кірістер сараптамасы департаменті директорының міндетін атқарушы және Басқарма басшысы лауазымына дейін көтерілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2005 жылдан бастап қызмет етті. Қаржы-экономикалық және стратегиялық блоктарда әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өз алдына құрылымдық бөлімшелерінде (департамента бизнес-жоспарлау және тиімділікті басқару департаментінің директоры) мен оның еншілес ұйымдарында («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «Өңдеу және маркетинг» бюжеті мен салықты жоспарлау департаментінің директоры) басшылық тәжірибесі бар.

2019 жылдың мамырында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Әртүрлі еңбектер мен жарияланымдардың авторы, мақтау қағаздарымен, наградалармен, көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.

Тізімге оралу