Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Оржанов Айдар Есенжанұлы


Оржанов Айдар Есенжанұлы

Білімі туралы мәлімет:

– 2000 жылы АҚШ-тың Бостон қаласындағы Саффолкский Университетін бакалавр дәрежесімен «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады;

– 2013 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Теңіз Ллойдс Академиясын «Теңіз тасымалы және логистика» мамандығы бойынша тәмамдады, іскерлік әкімшілеу Магистрі дәрежесі белгіленді.

Бұрынғы жұмыс орындары және атқарған қызметтері туралы мәлімет:

А.Е.Оржанов еңбек қызметін 2000 жылы АҚШ-тың Бостон қаласындағы «Стэйт Стрит Банк» Қаржы әкімшісі қызметінен бастады.

2001 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Ақтау қаласында «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ Материалдар бөлімі менеджерінің ассистенті болып еңбек етті.

2001 жылғы қараша мен желтоқсан айлары аралығында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖАҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігінде менеждер қызметінде болды.

2001 жылдың қарашасы мен 2004 жылдың шілдесі аралығында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ Коммерциялық департаментінің менеджері қызметін атқарды.

2004 жылдың шілде мен желтоқсан айлары аралығында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ корпоративтік дамыту департаментінің бас менеджері болды.

2005 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ корпоративтік дамыту департаментінің жоба менеджері болды.

2005 жылдың шілдесі мен 2006 жылғы қараша айлары аралығында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ Коммерциялық департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2006 жылғы қарашадан бастап Қазақтеңізкөлікфлоты ЛТД мекемесін басқарды.

2014 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, Бас директордың бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі мақтау қағаздарымен, наградалармен, көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды:

– Үздік жұмысы және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-ның 10 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігінің медалі;

– Жемісті жұмысы мен еңбек міндеттерін адал орындағаны үшін, Қазақстанның көлік саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік қызметкерлері одағының құрмет грамотасы;

– Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық кешенін дамытудағы еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ медалі;

– Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігінің «Су көлігі саласының үздігі» Құрмет белгісі

– Компанияның құрылуының 15 және 20 жылдығына орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Құрмет грамотасы және мерейтойлық медалі.

Тізімге оралу