Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kmg.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Компания туралы


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ұлттық теңіз тасымалдаушы болып табылады (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі №462 Қаулысы).

Қызметінің негізгі бағыттары – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Пайымдауы:
– Флотты қауіпсіз және сенімді пайдалану;
– Сауда теңіз флоты мен сервистік флотты дамыту;
– Каспий теңізі маңындағы өңірде және одан тысқары жерлерде теңіз тасымалының рентабельділігін арттыру.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС стратегиялық мақсаты:
– мемлекетіміздің теңіз арқылы тасымалдауға және теңізде КСШ барлауға қатысу үлесін ұлғайту;
– Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
– Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында халықаралық ынтымақтастықты бекемдеу.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС – қазақстандық және шетелдік серіктестер үшін сенімді қызмет көрсетулер жеткізушісі ретінде танылды. Компанияға Қазақстан Республикасында ірі, сондай-ақ заманауи флот бірліктері – танкерлер, сүйреткіштер, сонымен қатар ірі көлемді жүктерді тасымалдауға арналған кемелер және әртүрлі мақсаттарға көзделген баржалар тиісті.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС – кеме қатынасының аса жоғары халықаралық қауіпсіздік және сапа стандарттарына сәйкес келетін аса тиімді және жоғары рентабельді компания болып табылады.

Компанияның толық атауы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; қысқаша атауы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС/ҚТКФ.

Байланысу үшін ақпарат:

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ-сы, 14 шағын ауданы, №70 ғимарат,
тел.: +7 (7292) 535 890, +7 (7292) 535 886, +7 (7292) 535 887
факс: +7 (7292) 535-888
е-mail: info@kmtf.kmg.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдік:

«Изумрудный квартал» БО, Д.Қонаев көшесі 8, 8 қабат.
839-842 бөлмелер.
тел.: +7 (7172) 786 685, +7 (7172) 786 688
факс.: +7 (7172) 786687
Сенім телефоны: +7 (7292) 535 823
Сенім электронды поштасы: doverie@kmtf.kmg.kz