Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ БД А.Е. Оржановтың ҚТКФ құрылуының 22 жылдығымен құттықтауы


Құрметті қазақстандықтар, әріптестер, серіктестер! 

Биыл 2020 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының құрылғанына 22 жыл толып отыр!

Осы орайда ҚТКФ қызметкерлерін, Компанияның серіктестері мен ардагерлерін, сондай-ақ барша қазақстандықтарды осы атаулы жылмен құттықтаймын!

1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке бастамасы бойынша Қазақстанда Ұлттық флот құрылды! Қазақстан Каспий теңізі сияқты ашық теңіз арқылы тасымалдауда өз лайықты орнын ала отырып, ұлттық флот кемелері алдында белгіленген міндеттерді ойдағыдай орындауда!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көліктік-транзиттік секторда еліміздің озық рөлін бекемдеу, транзиттік маршруттардың сервисі мен жылдамдық деңгейін арттыру міндетін қойды.

Осы орайда «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы еліміз бен түптұлға компанияның басшылығы тарапынан белгіленген барлық міндеттерді жемісті орындады.

Орайы келгенде ҚТКФ ұжымына адал және табысты еңбегі үшін шынайы алғысымды және ризашылығымды білдіремін. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өз алдына жоспарланған мақсаттарға, әсіресе осы бәріміз үшін ауыр жылдардың бірі болған 2020 жылы қолжетімді болуы экипаж мүшелері мен жағалау персоналының аса жоғары жауапкершілігі, ерен еңбегі мен жоғары тәртібі арқасында іске асырылды.

Компания серіктестерінің бізге сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғысым мол. Мен іскерлік әрі достық қатынастарымыз қалыпты деңгейде сақтала отырып, ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деген сенімдемін.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» қол жеткізген табыстары осымен шектейлмейді. Компанияның стратегиясы келешекте ірі жобаларды іске асыруды көздейді және ҚТКФ алдағы уақытта еліміздің экономикасын дамытуда сүбелі үлес қосатыны сөзсіз.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» - бағыт-бағдары әрдайым сенімді болғай!

 

А.Е.Оржанов,

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры


Тізімге оралу