Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ Бас директоры А.Оржанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Б.Атамқұловқа компанияның жұмысы туралы баяндады


2020 жылдың 2013 қарашасында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

«Азерсун» Өндіріс және логистика орталығының аумағында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов Ұлттық теңіз тасымалдаушысының жұмысының қорытындылары туралы баяндама жасады.

1. ТШО БКЖ-ға қатысу (Теңізшевройлдың Болашақ кеңейту жобасы)

Соңғы жылдардағы ҚТКФ-тің ірі жобаларының бірі ТШО БКЖ-ға қатысу болып табылады.

2018-2020 жж. навигациялық маусым барысында Қазақтеңізкөлікфлотының кемелері шамамен 90 ірі габаритті модульді тасымалдады (57 мың тонна жүк).

2. KPI-ға (Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.) қатысу

2020 ж. сәуір-маусым айында Қазақтеңізкөлікфлоты Атырау қаласындағы KPI мұнай-химия кешенінің құрылысына арнап, Констанца румыниялық портынан шамамен жалпы салмағы 3600 тонналық ірі габаритті 25 бірлік жүкті қазақстандық Атырау портына сәтті тасымалдады. Жобаға барлығы флоттың 42 бірлігі тартылды.

Сонымен қатар KPI тапсырмасымен Атырау (Isker) өзен портынан Орал-Каспий қалтқысына дейін каналдың шамамен 70 шақырымдық аралығында батиметрлік зерттеулер жүргізілді.

Бүгінгі күні жолдың шамамен 30 шақырымы зерттелген.

3. ТХКМ-ге қатысу (Транскаспий халықаралық көлік маршруты)

Қазақтеңізкөлікфлоты ТХКМ аясында фидерлік желінің теңіз операторы болып табылады. Фидерлік желі Қытайдан Еуропаға контейнерлік жүктің жеткізілу мерзімін екі есеге дерлік қысқартуға мүмкіндік берді.

Жұмыс істеген барлық уақыт ішінде Қазақтеңізкөлікфлоты шамамен 19 мың контейнерді (ЖФЭ) тасымалдады :

- 2019 жылы 8 382 ЖФЭ тасымалданды;

- Биылғы жылдың 10 айында 10 613 мың ЖФЭ тасымалданды.

ҚТКФ 2020 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша барлық жоспарлы өндірістік көрсеткіштерді артығымен орындады.

 Сонымен қатар Айдар Оржанов Қазақтеңізкөлікфлотының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы айтып берді. Оның жүзеге асырылуы еліміздің стратегиялық мақсаты – барлық жүктердің үштен бір бөлігін қазақстандық флотпен тасымалдауға қол жеткізуге көмектесетін болады.

Тізімге оралу