Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.
2018 жылғы 1 наурызда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысқандар:
Н.В.Юдин – Қауымдастық Президентінің міндетін атқарушы
Е.М.Рамазанов – «Атамекен» ҚР кәсіпкерлері Ұлттық Палатасы төрағасының орынбасары
К.К.Мұқышев – «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағы Бас директорының орынбасары
Н.К.Қарасаев – Маңғыстау облысының «Атамекен» РКП басқарушы директоры
М.К.Орманов – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры
С.Ю.Ворожейкин – «OMS Agency» ЖШС Бас директоры
С.А.Ішманов – «OMS Shipping» ЖШС Бас директоры
С.С.Әділгереев – «KTZ Express Shipping» ЖШС Бас директоры
Қ.Д. Қарасаев – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ өкілі
Жиналыс барысында Қауымдастықтың 2017 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемесі тыңдалды, отандық теңіз сауда кеме қатынасын одан әрі дамыту мәселелерін шешуге бағытталған Қауымдастықтың 2018 жылғы Жұмыс жоспары өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, бекітілді.
Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығы Қазақстан Республикасында теңіз көлігін дамытуға ықпалдасуға, өндірістік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және жалпы мүдделерін қорғауға бағытталған қызметін үйлестіру мақсатында өз еркімен құрылған заңды тұлғаларды біріктірген коммерциялық емес ұйым болып табылады
01.03.2018