Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкерлері марапатталды


Қазақтеңізкөлікфлоты жыл қорытындысы бойынша үздік қызметкерді, үздік экипажды және үздік бөлімшені таңдады.

Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының үздік экипажы болып, «ТК Ақтау» танкерінің экипажы танылды. Танкер капитандары Шурыгин Алексей Валерьевич, Темников Владимир Иванович.

Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының үздік бөлімшесі болып, ҚТКФ-тің Диспетчерлік қызметі танылды.

Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының үздік қызметкері болып, құжатпен қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің аға маманы Есниязова Айсұлу Смайлқызы танылды.

2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы болып жарияланғаны белгілі.

Маңғыстау облысында волонтерлікпен және қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың бірі «Біз адамбыз – біз біргеміз» Қоғамдық қоры.

Пандемия кезінде ҚТКФ көптеген қызметкерлері осы Қор ұйымдастырған қайырымдылық, волонтерлік іс-шараларға қатысты. Атаулы шаралар дәрігерлер мен коронавируске шалдыққан науқастарға ыстық тамақ пен сусын беруді ұйымдастыру, тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге және тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға көмек көрсету болатын.

«Біз адамбыз – біз біргеміз» Қоғамдық қорының директоры Иман Досмухамбетов «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымына Бас директор Оржанов Айдар Есенжанұлы мен Бас директордың Кеңесшісі Жұмашева Динара Нағимоллақызы арқылы көрсеткен қайырымдылығы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, атаулы Қоғамдық қор жыл қорытындысы бойынша бірнеше номинацияда жеңімпаздар анықтады. Олардың бірі – біздің әріптесіміз, ҚТКФ Жастар кеңесінің Төрағасы Жұмаев Нұржан Төлегенұлы «Жыл волонтері 2020» номинациясында жеңімпаз атанды.

Тізімге оралу